Полицейлер Қазақстан-Американдық еркін университетінің биыл сәуірде қыруар қаражатпен жоғалған студенті Ақжол Серікті Қарағандының маңындағы ауылдан тапты. Жігіт 26 мамырда табылған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД өкілдері 23 жастағы студентті бүкіл аймақ бойынша іздегенін айтты. Полицейлер Ақжолды соңғы рет Семейде жүрген кезінде түсіп қалған видеодан байқаған. Ер адам жергілікті автобекеттің маңында болған.
"Полицейлер іздеуде жүрген студент басқа өңірге кетіп қалды деген болжам жасап, ол болжамы дұрыс болып шықты. Оны іздеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Оны Қарағандыдан алпыс шақырым қашықтықта орналасқан ауылдан аман-есен тапты. Полицейлер оны үйіне жеткізді", - деді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекгісі Бақытжан Торғаев.
Ақжолдың туыстары бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартыпты.
Өскеменде Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Ақжол Серік белгісіз жағдайларда жоғалған еді. Туыстары оның жоғалған күні қолында қыруар қаражаттың болғанын айтқан еді. Ақжол Серікті іздеуге еріктілер де қосылды. Олар студенттің суреттерін қала бойынша ілген болатын.