Өскеменде Lexus мінген полиция қызметкері рөлге ие бола алмай, қарсы жолақта келе жатқан жолаушылар автобусына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскеменде Lexus мінген полиция қызметкері рөлге ие бола алмай, қарсы жолақта келе жатқан жолаушылар автобусына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 12 қарашада сағат 12.47-де болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Lexus көлігінің 33 жастағы жүргізушісі Үлбі өзені арқылы өтетін көпірде рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, салонында жолаушылар болған "ПАЗ" автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алған.
"Lexus көлігінің жүргізушісі кезекшіліктен кейін демалыста болған полиция қызметкері. Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлде ұйықтап қалған. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша сау болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицей "жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, бетіндегі көптеген жарақаты" ескеріліп, қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылған, делінген хабарламада.
Дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша көлік жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!