Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шеттетілді Көрнекі сурет: pixabay.com

Мас күйінде көлік жүргізген Өскемен әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас күйінде көлік жүргізген Өскемен әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индира Қалжабаеваның мас күйде болғаны туралы ақпаратты Өскемен әкімдігі растады. 11 шілде, жексенбіде қала әкімі аппаратының қызметкері халықты вакциналауға арналған автобусқа қатысты жағдайды түсіндіру үшін оқиға орнына барғаны анықталды. Автобус вакцина салдырғысы келген адамдарды қабылдамаған.

Алайда Қалжабаева жиналған адамдарға түсінік бере алмаған, ал полиция қызметкерлері әйелді медициналық куәландыруға алып кетуге мәжбүр болған.

Қала әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта полиция органдары мас күйінде көлік құралын басқару дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бастама жасады. Полиция басқармасынан материалдар келгеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға бойынша және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта барлық шара аяқталғанға дейін Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді", - деді Өскемен әкімдігіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети