02 қыркүйек 2016 14:18

Өскеменде науқасы бар жедел-жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Шығыс Қазақстан облысында жол талғамайтын көлік пен жедел жәрдем көлігі соғысты. Lexus автокөлігінің жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігінің үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында жол талғамайтын көлік пен жедел жәрдем көлігі соғысты. Lexus автокөлігінің жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігінің үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты кеше түнгі уақытта, 22.00-де болды. УАЗ ("таблетка") жедел жәрдем каретасы ауладан науқаспен шыққан. "Бұл әйелге бригада екі рет келген, оның қан қысымы көтерілген, - деді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Марат Ластаев. - Екінші рет қан қысымы көтерілгенде 210-ға жеткен, криз болып (аурудың кенеттен күрт асқынуы), науқасты стационарға жеткізу үшін алып кеткен".


Суреттер әлеуметтік желіден

Ауладан шыға бергенде медициналық қызметкерлердің көлігі Lexus атокөлігіне соғысқан. УАЗ-дың салонында болған барлық адам зардап шеккен - фельдшер, санитар, жүргізуші және науқас. Дене жарақаттарын алған олар ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша жол апаты жантүршігерлік жағдайда болған, өтіп бара жатқан көліктің видеотіркегішінің видеосында адамның қозғалыссыз жатқанын байқауға болады. Алайда ШҚО ІІД өкілдері әзірше жол апатына кімнің кінәлі екенін білмейді.

"Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалған, ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған", - деді ведомствоның баспасөз басшысы Бақытжан Торғаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети