Өскеменде опырылған көпірдің құрылысына 6 миллиард теңге бөлінген

?скеменні? прокуратурасы б?гін та?да опырыл?ан к?пірді? ?рылысы кезінде техника ?ауіпсіздігі ережесін б?зу дерегі бойынша ?ылмысты? істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Ш?О прокурорыны? орынбасары Виталий Шабер хабарлады.

Өскеменнің прокуратурасы бүгін таңда опырылған көпірдің қрылысы кезінде техника қауіпсіздігі ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ШҚО прокурорының орынбасары Виталий Шабер хабарлады.

"Құрылыс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша істі қалалық прокуратура тергеп жатыр. Ал біздің ведомство апаттың себебін анықтау үшін тексерісті бастады", - деді ол. Сондай-ақ, ол көпірдің қайта жөндеуіне 6 миллиард теңге бөлінгенін, оның 90 пайызы игеріліп қойғанын хабарлады. Сонымен қатар, прокуратурадағылар адамдар мен көліктер жүретін көпірдің жаңа құрылымы құлауы мүмкін деп ойлауға негіз жоқ екенін айтып отыр.

Еске салайық, бүгін таңғы уақытта Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылды, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған. Қала орталығында орналасқан көпір қайта жөндеуде болған. Бұл уақытта оның ескі бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатқан. Демонтаж жұмыстары кезінде көпірдің бір бөлігі опырылып, екінші жағы көтеріліп кеткен. Оқиға орнындағы төрт жұмысшы төмен құлап, тағы екеуі жоғарыда қалып қойған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама