24 қараша 2016 11:09

Өскеменде басты көпір опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылды, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылды, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала орталығында орналасқан көпір қайта жөндеуде болған. Бұл уақытта оның ескі бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатқан. Демонтаж жұмыстары кезінде көпірдің бір бөлігі опырылып, екінші жағы көтеріліп кеткен. Оқиға орнындағы төрт жұмысшы төмен құлап, тағы екеуі жоғарыда қалып қойған.

"Куәгерлер бізге Ертіске бес адам құлады деп хабарлады, оқиға орнына құтқарушылар барды, бірақ бұл мәлімет расталмады, - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. - Адамдар құлады. Олар құтқарылды. Құлағандардың бірі аяғын жарақаттап алды, қалғандары аман".

Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының өкілдері оқиғаның көпірдің апат жағдайындағы бір тіреуінің қирауынан болғанын айтады. 

Өскемендегі бұл көпір 1970 жылы салынған, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Опырылған тұсында көлік қозғалысы болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети