Өскеменде өткен-кеткенге жабысқан жүкті жезөкше ұсталды, - деп хабарлайды YK-news.kz өңірлік мамандандырылған әкімшілік сотына сілтеме жасап.
Өскеменде өткен-кеткенге жабысқан жүкті жезөкше ұсталды, - деп хабарлайды YK-news.kz өңірлік мамандандырылған әкімшілік сотына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, жүкті әйел өтіп бара жатқан адамдарға жыныстық қызмет ұсынған. Оны полицейлер ұстағанымен сот қатаң жаза тағайындай алмады.
"Жүкті әйел өткен-кеткенге жабысып, коммерциялық секс ұсынған. Сот ол жүкті болғандықтан қамауға алу туралы шешім қабылдай алмады, сондықтан оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - делінген жарияланымда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада секс-қызметін таңған үш келіншектің ұсталғаны хабарланған болатын. Ол кезде Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қоғамдық орында қызметін зорлап ұсынған үш астаналық келіншекке қатысты әкімшілік іс қаралды. Оларды "Сарыарқа" аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторлары ұстаған.