Өскемендік тұрғын бұрынғы сүйіктісіне намысқа тиетін хабарламалар жазғаны үшін қоғамдық жұмыстарға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскемендік тұрғын бұрынғы сүйіктісіне намысқа тиетін хабарламалар жазғаны үшін қоғамдық жұмыстарға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыз екі жыл бойы бір жігітпен кездескен. Алайда кейін қыз басқа адаммен көңіл қосып, екеуінің арасы суыған. Бұған ыза болған жігіт әлеуметтік желілер және SMS арқылы қызға намысқа тиетін сөздер жаза бастаған. Қыз телефон нөмірін ауыстырғанымен, жігіт өз ісін қайталай берген. Осыған байланысты қыз полицияға арызданған.
"Сотта SMS скриншоттары мен басып шығарылған түріндегі дәлелдер келтірілді. Онда намысқа тиетін сөздерден бөлек, қорқытулар да бар. Сонымен қатар, қызды қудалау дерегін таныстары да растады", - делінген № 2 қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айыпталушы кінәсін мойындап, ісіне өкінген. Сотта ол қыздан кешірім сұрап, мұнысын қайталамауға уәде берді.
Сот мәліметі бойынша, ер адам ҚР ҚК-нің 2-бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалалық КИК-тердің бірінде 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді.