Өскеменде қызымен жанжалдасқан соң жоғалған жігіттің өлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қызымен жанжалдасқан соң жоғалған жігіттің өлігі табылды © yk-news.kz

Өскеменде 2 апта бұрын жоғалған 23 жастағы Марат Өміржанов сөмкесінің бауына асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жігіттің әкесі мәйітханада баласын таныды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 2 апта бұрын жоғалған 23 жастағы Марат Өміржанов сөмкесінің бауына асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жігіттің әкесі мәйітханада баласын таныды. 

Өміржанов 12 қарашада жоғалып кеткен еді. Ол қызымен жанжалдасып қалып, оның үйінен шығып кеткен. Содан бері оны ешкім де көрмеген. Жігіттің туыстары оның жоғалғаны жайлы хабарды полицияға бірден бермеген, себебі Марат үйіне оралады деп үміттеніпті. Ал кеше жігіттің Мұнай базасы ауданында табылғаны белгілі болды. 

"Ол колледждің қақпасының алдында сөмкесінің бауына асылып қалған күйі табылды, - дейді Мараттың бауыры Иван Өміржанов. - Оның денесін мәйітханаға 13-ші қарашаға қараған түні жеткізіпті. Яғни жоғалған күні-ақ табылған. Оның ешқандай құжаты болмаған. Ал кеше іздеу папағындағы сипаттамалары бар адамның мәйітханада екені хабарланды. Бүгін әкем Маратты таныды. Бұл менің бауырым. Денесінде зорлық белгілері жоқ, сондықтан ол өз-өзіне қол салды деуге болады. Марат бұған дейін де өзіне қол салмақ болған, бірақ мен оны дер кезінде тоқтатып үлгердім. Бұл жолы мен оның қасынан табылмадым". 

Әкесі баласын іздеуге көмектескендердің барлығына алғыс айтқаны хабарланып отыр. "Барлығыңызға рақмет, жақсы адамдар, жарайсыздар. Жоғалғандар аман табылсын", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети