Өскеменде суға батып бара жатқан баланы құтқарғысы келген әйел суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өскеменде суға батып бара жатқан баланы құтқарғысы келген әйел суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 сәуір күні кешкі уақытта болды. "2009 жылы туылған бала Аблакетка өзеніне құлап кетті. 1973 жылы туылған Ресей азаматшасы ағып бара жатқан баланы көріп, суға секірген. Дегенмен, екеуі де батып кетті", - деді ТЖД өкілдері. Ағып бара жатқан баланы құтқарғысы келген әйелдің денесі бірнеше сағаттан кейін табылды, баланың мәйітін іздестіру жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылы Атырау облысында болған еді. 42 жастағы Доссор ауылының тұрғыны 419 жастағы қызды құтқарамын деп суға батып келді. Екі отбасы ормандардың біріне демалуға келген. Суға түсуге кеткен қыз бірнеше уақыттан кейін айқайлап көмекке адам шақырды. Суға секірген әкесі қызын құтқарып үлгерді, дегенмен өзі батып кетті.
Өскеменде де осындай жағдай орын алды. Ұлан өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарғысы келген азамат қаза болды. "Жасөспірім баланы құтқарғысы келген 1988 жылғы азамат Ахметов суға батып кетті. Оның денесі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің су-құтқару қызметінің көмегімен алынып шықты", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.