Өскеменде табылған сөмкенің ішінде жарылғыш заттың бөліктері болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде табылған сөмкенің ішінде жарылғыш заттың бөліктері болған © Tengrinews.kz

Өскемендегі "Қазцинк" маңынан табылған иесіз сөмкенің ішінде жарылғыш жабдықтың бөліктеріне ұқсас заттар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі "Қазцинк" маңынан табылған иесіз сөмкенің ішінде жарылғыш жабдықтың бөліктеріне ұқсас заттар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаевқа сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, сөмкені саперлер тексеріп шыққаннан кейін оның ішіндегі заттың тұрғындарға қауіп төндірмейтінін анықтады. "Дегенмен, ондағы металдар жарылғыш зат жасауға арналған компоненттерге ұқсас болып шықты. Қазір олар тексеру үшін Қорғаныс министрлігінің мамандарына берілді, - делінген хабарламада.

"Бір қарағанда металл заттар жарылғыш заттың компоненттеріне ұқсайды. Дегенмен оның қаншалықты қауіпті екені мамандардың тексеруінен кейін анықталады", - деді Торғаев.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Өскеменде күмәнді сөмке үшін "Казцинк" аумағы қоршауға алынған болатын. "Бүгін сағат 7.30-да 102 номеріне "Казцинк" маңындағы Промышленная көшесінен кенеп сөмке табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар мен саперлер дереу жетті", - деді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев сол кезде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети