Өскеменде Toyota Land Cruiser автокөлігі көпірден ұшып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде Toyota Land Cruiser автокөлігі көпірден ұшып кетті @Yk-news.kz

Өскеменде Toyota Land Cruiser автокөлігі көпірден ұшып кетті, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Абырой болғанда, автокөлік жүргізушісі аман қалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде Toyota Land Cruiser автокөлігі көпірден ұшып кетті, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Абырой болғанда, автокөлік жүргізушісі аман қалды.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының ақпараты бойынша, оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 7.00 шамасында Охотской көшесінің бойында болды. Көлік тізгінінде 43 жастағы әйел адам болған. Ол көлікті басқара алмай қалып, автокөлік көпірден ұшып кетіп, аударылып түскен.

"Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік жолаушысы 1958 жылғы ер адам бірнеше жарақат алып, бірінші қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін де Өскеменде автокөліктің көпірден ұшып кеткені хабарланған болатын. Оқиғаның басы-қасында болғандардың айтуынша, көлік көпірдің үстінде шайқалып, ондаған метр биіктіктен ұшып кетіпті. Жерге алдыңғы бөлігімен түскен көлік, аударылып қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети