14 желтоқсан 2016 | 18:33

Өскеменде "ҰҚК қызметкері" темір жол бекеті аумағына жарылғыш зат қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yk-kz © Yk-kz

Өскеменде "ҰҚК қызметкері" теміржол бекеті аумағында жарылғыш зат барын хабарлаған. Ер адам мас күйде облдыс орталығының полиция қызметіне қоңырау шалып, "Защита" теміржол бекеті аумағында бомба қойылған деп хабар береген. Ал құқық қорғау қызметкерлері күмән келтірмес үшін өзін "ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары шенді қызметкері" екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Ер адам ШҚО ІІД кезекші пультына теміржол бекеті аумағында бомба қойылған деп хабарлама берген. Ер адам өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған. Полицейлер бірден ақпаратты тексеріп, қоңырау шалған адамның жергілікті ұлттық қауіпсіздік департаментінде жұмыс істемейтінін анықтаған. Дегенмен, "Защита" бекеті аумағы қоршауға алынынып, тексеру жүргізілді. Ешқандайда жарылғыш заттың жоғын анықтаған соң, полицейлер телефон террорисін іздейді.

"Опрация кезінде 26 жастағы тұрғын ұсталды. Ұстау кезінде ол орта деңгейдегі алкоголдік масаң күйде болған. ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру" бойынша соталды тергеу ісі басталды. Ұсталған адам алты жылға сотталуы мүмкін", - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Мұның алдында, мас әйел Қарағандыдағы мектепке жарылғыш зат қойдым деп жалған ақпарат бергені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети