Өскеменде қатты жауын-шашын мен желден өнеркәсіптік арматура зауытының шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Өскеменде қатты жауын-шашын мен желден өнеркәсіптік арматура зауытының шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, бүгін Өскеменде болған желден қаладағы ғимараттар бүлінген. Куәгерлер әлеуметтік желілерде төтенше жағдайдың суреттерін жариялап жатыр. Қаладағы кәсіпорынның бірінің шатыры ұшып кетіп, сол аумақтағы қозғалыс тоқтатылды.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта зауытта төтенше жағдайдан кейін жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, ведомстводағылар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің қазіргі уақытта сол аумаққа кеткенін хабарлады. Себебі жергілікті тұрғындардан ағаштардың құлағаны жайлы хабарлама келген.
Куәгерлер жолдаған видео