27 қыркүйек 2016 15:52

Өскеменде зейнеткер көршісін қоқыс тастағаны үшін ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Облыс орталығында егде жастағы әйел тыйым салынған жерде құрылыс қоқысын тастаған көршісін бақша құралымен ұрған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Облыс орталығында егде жастағы әйел тыйым салынған жерде құрылыс қоқысын тастаған көршісін бақша құралымен ұрған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Өскемен қалалық № 2 соттағы материалдарға қарағанда, ер адам көппәтерлі үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің маңына ағаш тақтайшалары бар жәшікті қалдырған. Содан оның қасына барған 62 жастағы әйел оған мұнда құрылыс қоқысын тастауға болмайтынын айтқан. Осылайша ер адам мен әйелдің арасында жанжал пайда болып, нәтижесінде зейнеткер оған қоқыс жәшігін лақтырып жіберіп, бірнеше рет бақша қайшысымен ұрған.

Зардап шеккен ер адам дәрігерге қаралып, сотқа шағым түсірді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың шешімімен әйелге 50 айлық есептік көрсеткіш түрінде, яғни 106 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот әйелдің зардап шегушіге моральдық шығын ретінде 15 мың теңге өтеп беруі туралы шешім шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети