Өскеменде жоғалып кеткен 19 жастағы студент өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жоғалып кеткен 19 жастағы студент өлі күйінде табылды Татьяна Бекова

15 ақпанда жоғалып кеткен Татьяна Бекованың мәйітін қала шетінде итін серуендетіп жүрген ер адам тауып алған. Ол полицияны шақырған. Тәртіп сақшылары қыздың экономика және қаржы колледжінде оқыған 19 жастағы студент екенін анықтаған. Татьяна жоғалар алдында мұғалімдеріне енді бұл оқу орнында оқымайтынын айтып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зорлық белгілері табылмады, дене жарақаты жоқ, сөмкесі мен жеке заттары өзімен бірге болды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз өкілдері. - Алайда мәйіттің қасында медициналық дәрі-дәрмектің бос тыстары табылды. Қазіргі уақытта қыздың өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүріп жатыр".

Татьянаны полицейлермен бірге туыстары, достары, еріктілер, колледждің әкімшілігі мен студенттері іздеді. Олар қыздың суреттерін бағаналарға іліп, көшедегілерге таратып, әлеуметтік желілерде хабарландыру берген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети