Өскеменде жоғалып кеткен мектеп оқушысы әуежай маңындағы көлікжайдан табылды

?скеменде жо?алып кеткен мектеп о?ушысы ?уежай ма?ынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 15 жаста?ы Наталья Угольникова 19 желто?санда жо?алып кеткен болатын. То?ызыншы сынып о?ушысыны? із-т?ссіз кеткені туралы хабар ?леуметтік желілер ар?ылы таралды. Ол ?стіне жасыл куртка, а?-с?р бас киім, ?ара ботфорт пен ?ара шалбар киген болатын. ?ыз бала Защита аума?ында?ы мектепте о?иды.

Өскеменде жоғалып кеткен мектеп оқушысы әуежай маңынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 15 жастағы Наталья Угольникова 19 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Тоғызыншы сынып оқушысының із-түссіз кеткені туралы хабар әлеуметтік желілер арқылы таралды. Ол үстіне жасыл куртка, ақ-сұр бас киім, қара ботфорт пен қара шалбар киген болатын. Қыз бала Защита аумағындағы мектепте оқиды.

"Наташа әуежай маңынан табылды. Оны белгісіз біреулер көлікжайда ұстап отырған. Біз онымен 10 минуттай сөйлестік, ол болған оқиға жайлы толық айтып үлгермеді. Мен тек біреулердің оны мектепке бара жатқан кезде ұрлап кеткенін білемін. Олар оны қара түсті көлікпен алып кеткен. Наталья белгісіз біреулердің оны осы күнге дейін әуежай маңында ұстап отырғанын түсінген. Ал бүгін оны кенеттен жіберіп қалды. Ауыр жарақаттар алмаған, мен тек оның бетінің тырналғанын көрдім. Бүгін бізбен Қарағандыдағы көріпкел хабарласты. Ол Наташа жайлы жаңалықтардан естіген екен. Көріпкел бізге Наташаны біреулердің қала шетіндегі көлікжайда немесе жертөледе ұстап отырғанын айтты. Біз бұл туралы полицейлерге айттық. Бірақ ол кезде Наташа үйге жеткізіліп жатқан еді.   Мен Наташаны не үшін ұрлап кеткендерін білмеймін. Қазір олармен полицейлер сөйлесіп жатыр", - деді Натальяның әпкесі Екатерина.

ШҚО ІІД өкілдері Наталья Угольникованың табылғанын растап отыр. Бірақ олар қыздың жоғалып кетуіне қатысты қандай да бір мәліметті айту әлі ерте деп отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама