Өскемендік әйел екі адамды өрттен құтқарып қалды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендік әйел екі адамды өрттен құтқарып қалды © Өскемен қалалық ТЖБ/yk-news.kz

Өскемендік әйел екі адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендік әйел екі адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өрт 4 наурызда таңертең "Металлург-3" бау-бақша серіктестігі үйлерінің бірінде болған. Тұрғын үйде қабырға мен шатырдың ағаш конструкциялары жанған. Өртсөндірушілер келгенше көрші Меруерт Темербаева жанып жатқан жерге жүгіріп кіріп, алты жастағы бала мен әйелді алып шыққан. Күйік алған зардап шеккендер ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.


© Өскемен қалалық ТЖБ/yk-news.kz 

Кейін өрт сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметкерлері жанып кеткен ер адамның мәйітін тапты.

"Мұның алдында өртсөндірушілер осы үйге барып, иелерімен нұсқаулық жүргізіп кеткені анықталды, алайда өрттің алдын алу мүмкін болмады", - деп түсіндірді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметіндегілер.

Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети