"Защита-Астана" пойызы жолда бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"Защита-Астана" пойызы жолда бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 17 мамырында сағат 11.02-де Еркіншілік-Сары-Оба өткелінде (Астананың кіреберісі) техникалық ақауына байланысты №67 "Защита - Астана" пойызы тоқтатылды.
Жолаушылардың барлығы №801 "Павлодар - Астана" пойызына отырғызылып, жолға шықты. Олар Астанаға 15.18-де келіп жетті.
Баспасөз қызметінің өкілдері Астанаға келген жолаушылардың өтемақы ала алатынын айтты. "Жолаушылар тасымалы" АҚ ыңғайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды", - делінген компанияның хабарламасында.