Өзбекстан Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін алып кету үшін ұшақ дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өзбекстан Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін алып кету үшін ұшақ дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рейсті Ташкенттен жіберуді жоспарлап отыр. "Қазір рейске дайындап жатыр. Ташкенттен", - деді ведомстводағылар.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады.
"Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
Сондай-ақ, Өзбекстан консулының Алматыдан Ақтөбе облысына аттанғаны белгілі болды.
ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы Жансая Қазиеваның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер Ақтөбеге жеткізіліп жатыр.
Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.