Алматыда жеңіл көлік еңістен сырғып, саябақ маңындағы "Кіші Алматы" өзенінің арнасына түсіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, көлік таңғы беске дейін суда тұрған. Біз автокөлік иесімен хабарластық – ол көліктің өздігінен сырғып кеткенін айтты.
"Бүгін таңғы бесте қақпаны жабу үшін көлікті ауладан шығарып, тежегішін тартуды ұмытып кетіппін. Соның салдарынан көлік артқа қарай сырғып кеткен. Дереу полиция қызметкерлерін шақырдым, олар оқиғаны тіркеді, айыппұлды төледім. Қазір көлікті алып кеттім", – деп түсіндірді жүргізуші.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының болғанын растады.
"Оқиға қаладағы Медеу ауданында болған. Автокөлік жүргізушісі көліктен тыс жерде тұрып, оны тежегішке қоймаған. Соның салдарынан көлік Копальников көшесімен солтүстік бағытта төмен қарай сырғып, Кіші Алматы өзенінің темір қоршауына соғылған. Жапа шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомство.
Факт бойынша Медеу ауданы полиция басқармасы қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!