Өзін-өзі өлтірмек болған британдық еліне қайтатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін-өзі өлтірмек болған британдық еліне қайтатын болды ©REUTERS

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында мұнарадан құлап, мерт болуға әрекеттенген британдық үйіне қайтатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында мұнарадан құлап, мерт болуға әрекеттенген британдық үйіне қайтатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в." қызметкерінің алғаш рет Қазақстанға биылғы жылдың наурыз айында келгені анықталды. Бөрлі АІІБ британдықпен арадағы келіссөз оның досының және аудармашының көмегімен жүргізілгендігін мәлімдеді. Ер адам мұнарада жалпы есебі үш сағаттай отырған. Осы уақыт ішінде оның айналасына жұмсақ төсеніштер төселген.

Оқиға орнына ҰҚК, АІІБ, ТЖМ өкілдері мен дәрігерлер келген. Психологтардың көмегімен британдықты мұнарадан түсуге көндірген. АІІБ оның ешқандай да талап қоймағандығын мәлімдеді. Дәрігерлік көмек көрсетілген соң ол Оралға жеткізілген. 10 қыркүйек күні британдық өз еліне, Англияға ұшып кетпек.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қыркүйек күні, шамамен күндізгі сағат 12-де ер адам ұялы телефон байланысының мұнарасына шығып алып, біраз уақыт сонда отырған. Оқиға орнына лезде полиция қызметкерлері, құтқарушылар, "жедел көмек" жеткен. Кейіннен оның 1975 жылы туған Мидглей Крейк Кристофер деген адам екені, Қазақстанға жұмыспен келгендігі анықталды. Британдық "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в." компаниясының қызметкері болып шықты. Оны суицидке баруға не итермелегені – әзірше белгісіз. Қала ауруханасы өздеріне өмірмен қоштасқысы келген ер адамды әкелгенін растап отыр. Бірақ дәрігерлік тексерістен кейін ол үйіне қайтарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети