АҚШ-тан Парижге ұшқан Air France әуе компаниясының екі ұшағы бортта жарылыс болады деген қауіптен бағытын өзгертті, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-тан Парижге ұшқан Air France әуе компаниясының екі ұшағы бортта жарылыс болады деген қауіптен бағытын өзгертті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Лос-Анджелестен Францияға 65-рейсті орындаған A-380 лайнері бомба туралы хабар келіп түскеннен кейін Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына бағыт алды. Ұшақ бортында 497 жолаушы болған. Екінші ұшақ Вашингтоннан Парижге ұшып бара жатқан. Boeing 777 Галифакс әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 298 жолаушы отырған.
Екі лайнердің жолаушылары эвакуацияланды. Билік жарылыс туралы келіп түскен хабарламаларды тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, терактілерден кейін Францияда төтенше жағдай режимі жарияланды. 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.