"Пәтерге кіре алмадық". Нұр-Сұлтанда жасөспірім сәбиді құтқарып қалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтанда жасөспірім жалғыз өзі жетінші қабаттың терезесінен қарап тұрған сәбиді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жасөспірім жалғыз өзі жетінші қабаттың терезесінен қарап тұрған сәбиді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 13 шілдеде кешке "Шерқала" тұрғын үй кешенінде болған. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде айтып берді.

"Екі жас шамасындағы бала терезеден құлап кете жаздады. Бір сағат бойы пәтерге кіре алмадық. Олар (полиция - еск.) жасақ шақырды. Көпбалалы отбасынан шыққан жігіт құтқаруға кетті. Ол 17 жаста, өзі де құлап кете жаздады. Жарады, нағыз ер. Бұл жағдай барлығына сабақ болсын. Ата-аналар балаларыңызға қамқор болыңыздар. Терезелерге тор қойыңыз", - делінген жазба сипаттамасында.

Кадрларда жігіт бір пәтер терезесінен келесі пәтер терезесіне өткені көрсетілген. Ол москит торын алып, пәтерге терезеден кіреді. 

Оқиғадан кейін көршілері 17 жастағы жігіттің көпбалалы отбасынан шыққанын білген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от zhaloby_astana (@zhaloby___astana)

Tengrinews.kz редакциясы оқиғаға қатысты пікір алу үшін полиция мен төтенше жағдайлар департаменттеріне жүгінді.

Еске салайық, биыл мамырда астаналық Сәбит Шонтақбаев үш жасар қызды құтқарған болатын. Оған Сағи Жылқышиев көмектескен. Кейін жеке компания екеуіне де пәтер сыйлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro