Павлодар қаласының маңында монастырь өртеніп кетті

Павлодар маңындағы ауылда әйелдер монастыры өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенше ғимарат ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар маңындағы ауылда әйелдер монастыры өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенше ғимарат ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өрт туралы хабарлама 14 сәуірде 22.11-де түскенін хабарлады. Өрт шатырдан шыққан. ​

"Петропавлдағы әйелдер монастырының бір қабатты кірпіш ғимаратында өрт шықты. 540 шаршы метр алаңда ағаш шатыр құрылымдары мен төбе жабыны өртеніп кетті", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан кезде үй-жайда бірнеше адам болған, олар ауыл тұрғындарының көмегімен иконаларды шығарып үлгерген.

Өрт шыққан ғимараттан өртсөндірушілер 50 литрлік газ баллонын эвакуациялады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ТЖД жеке құрамының 35 адамы мен 7 техникасы жұмылған. Сондай-ақ, оқиға болған жерге полиция қызметкерлері, қалалық электр желі қызметкерлері және дәрігерлер келген. Өрт 01.40-та жойылды.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Өртенген ғимарат жарты ғасырдан аса уақыт бұрын салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама