19 маусым 2014 | 20:54

Павлодар облысына Украинадан әкелінген сиырлардан бруцеллез анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото liveinternet.ru сайтынан алынған Фото liveinternet.ru сайтынан алынған

Павлодар облысына Украинадан әкелінген 100 сиырдан бруцеллез ауруы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, Шарбақты ауданында жоспарлы тексеру жүргізу кезінде малдардан бруцеллез ауруы анықталған.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысына Украинадан әкелінген 100 сиырдан бруцеллез ауруы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, Шарбақты ауданында жоспарлы тексеру жүргізу кезінде малдардан бруцеллез ауруы анықталған.

Басқарма бруцеллезбен ауырған малдардың бірінші партиясы жойылғаны туралы хабарлады. "Алғашқы тексеру кезінде 30 ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. 17 маусым күні осы шаруашылықта тағы 75 малдың ауру жұқтырғаны белгілі болды" - деп мәлімдейді ауыл шаруашылығы басқармасы. Басшылардың айтуына қарағанда, ауру жұқтырған қалған малдарды да жоюға дайындап жатқан көрінеді. Ол малдар Қазақстанға 2013 жылы әкелінген болатын.

Аурудың инкубациялық кезеңі екі аптаға созылатынын айта кеткен жөн. Бруцеллез адамға ауру малдың сүтін ішкенде немесе тікелей қарым-қатынаста болған кезде жұғуы ықтимал. Бруцеллезбен ауырған адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Ауырған адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, оның ішінде, әсіресе арқа миы.

Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік ғалымдар малдағы бруцеллездің жабық формасын анықтау жолын тапқан болатын. Қазіргі таңда препаратты ветеринарлық тәжірибеде қолдану жолға қойылмақ.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети