29 мамыр 2022 | 00:48

Павлодар облысында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар облысы Успенка ауылының маңында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы Успенка ауылының маңында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан видеоны куәгерлер Instagram-да жариялады. Кадрларда тасжолда жанып жатқан автомобиль қалған көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, жүк көлігінің жанында шөп жанып жатыр.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда сағат 12.06-да түскен.

"Республикалық маңызы бар Павлодар - Успенка - РФ автожолында пластик ыдысқа құйылған шамамен 10 тонна өсімдік майы тиелген 2004 жылы шығарылған Krone ZZF 18 маркалы тартқыш толығымен жанып кетті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Сағат 13.50-де өрт толықтай жойылды.

"Жүк Новосібірден Бішкекке қарай Қазақстан шекарасы арқылы бара жатқан. Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метр және 4 гектар болатын екі ошақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Оқиға себебі мен залал анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети