04 қараша 2019 09:18

Павлодар облысында 25 жастағы мұғалім қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Жамбыл ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі 25 жастағы Ильдар Вахитов қайтыс болды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.


Павлодар облысы Жамбыл ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі 25 жастағы Ильдар Вахитов қайтыс болды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қайғылы оқиға Аққулы ауданы Майқарағай ауылында волейболдан дәстүрлі жарыс кезінде болған. Оны жыл сайын кәсіподақ ұйымдастырады екен. 

"Ильдар өз тобының көшбасшысы ретінде негізгі құрамда ойнай бастады, бірақ біраз уақыттан кейін әлсіздікті сезініп, қан қысымы көтерілді, ол қосалқы ойыншылар қатарына барып отырды, - деді мектеп директоры Қанат Сұлтанғазин. - Турнирде кезекші медициналық дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті, бірақ оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін 100 шақырым. Ильдар, өкінішке қарай, оған жете алмады. Барлығымыз үшін ол дос бола білді, барлығымыз үшін бұл ауыр соққы болды".

Ауыл тұрғындары мен барлық педагогтар ұжымы жас оқытушының туған-туыстарына көңіл айтты. Ол отбасында жалғыз бала болды. Оның артында әйелі мен бір жасар ұлы қалды. 2019 жылы 10 қарашада Ильдар 26-ға толатын еді.

Былтыр Ильдар Павлодарда тексеруден өтіп, дәрігерлер оның бүйрегінде тромб бар болуы мүмкін екенін айтыпты. "Білуімше, оған арнайы ему ұсынылды, ол мамандарды қатаң түрде тағайындап, процедураларға үнемі барып отырды. Шунттау бойынша шұғыл операция қажет болған жоқ, бірақ оның қан қысымы төмендеген, ол осыған жиі шағымданатын болған", - деді марқұмның әріптестері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети