Павлодар облысында 73 жастағы әжей алтыншы күн қатарынан іздестірліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 73 жастағы әжей алтыншы күн қатарынан іздестірліп жатыр Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Павлодар облысында алты күн бойы амнезиямен ауыратын қарт әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында алты күн бойы амнезиямен ауыратын қарт әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шыққан және оның қай жерде екені әлі белгісіз. Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған.

"4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, "Vita" еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылып жатыр", - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды.

Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош.

"Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети