21 қараша 2019 | 13:02

Павлодар облысында бір күнде 4 көлік өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында аяз салдарынан ескі көліктердің тұтануы жиілеп кетті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар"


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында аяз салдарынан ескі көліктердің тұтануы жиілеп кетті, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар"

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдетінше, 20 қарашада сағат 15:20-да Ақсу қаласының Әлия Молдағұлова көшесінде 1999 жылы шығарылған Mercedes-Benz автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, салон панельдері, жалпы ауданы үш шаршы метр екі алдыңғы доңғалақ өртенді.

Сағат 07:54-те Железин ауданының аудан орталығында 1994 жылғы Audi A6 автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта техникалық бұйымдар жанған.

Сағат 17:51-де Павлодар қаласында Максим Горький көшесі, 41/1 мекенжайы бойынша ашық аумақта 1997 жылы шыққан минивэн типті шанағы бар Volkswagen автокөлігі алты шаршы метр алаңда жанып кетті. Автомобиль газбен жүреді.

Сағат 18:01-де Екібастұз қаласы Әуезов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан 1997 жылы шығарылған Volkswagen Passat автокөлігінде қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта мотор-техникалық бөлігі жанған.

Көліктерден өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондықтан жүргізушілерге сақ болуға кеңес береміз. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр - дейді департаментөкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети