Павлодар облысында дауылдың салдарынан мектеп пен тұрғын үйлер шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында дауылдың салдарынан мектеп пен тұрғын үйлер шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатты жел Павлодар облсының Ақтоғай ауданында соқты. Оның салдарынан мектеп ғимаратының, "Қазпошта" АҚ филиалының, мәдениет үйі мен тұрғын үйлердің шатыры ұшып кетті. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті мектепке қатты зақым келді, оның мың шаршы метрге жуық аумағы зардап шекті.
Шұғыл ақпараттар бойынша, барлығы 2027 шаршы метр аумақ зақымданды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп, шығынның көлемін есептеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 18 мамырда Павлодарда дауыл болып, тамырымен жұлынған алып теректің төрт көлікті жайпап кеткені хабарланған еді. "Алып терек төрт көлікті жайпап кетті. Темір тұлпарлардың екеуі қатты зақымданса, екеуіне орташа деңгейдегі зиян келген. Осыған ұқсас жағдай Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында болды. Жекеменшік үйдің ауласында ағаш құлап кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады мамандар.