Павлодар облысында газ толы автоцистерна жолдан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүк көлігі Павлодар - Новосібір бағытында кетіп бара жатқан.

Жедел ақпарат бойынша, оқиғаның бүгін, 13 желтоқсанда шамамен таңғы тоғыздарда болғаны айтылады. Scania автоцистернасы Павлодар облысының Успенка ауылынан үш шақырым жерде жол шетіне шығып кеткен.
Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері жіберілген: құтқарушылар, өрт сөндірушілер және арнайы техника. Көлікті қардан шығару үшін бір сағаттан аса уақыт кетті. Жолға шыққан автоцистерна ары қарай жол жүруін жалғастырды.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, газдың тарауы болған жоқ. Автокөлік Ресей Федерациясының азаматының иелігінде екені анықталған. Автоцистерна жол апатына ұшыраған уақытта 18 тонна пропан газы болған. Газды жіберуші ресейлік "Грант" ЖШС екен.