14 қараша 2019 | 12:19

Павлодар облысында иесіз жүрген жылқылардың кесірінен 37 жастағы жүргізуші көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апаты Ленинский - Ертіс тас жолында болған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".


Иконка комментария блок соц сети

Жол апаты Ленинский - Ертіс тас жолында болған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы "ВАЗ-21014" автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде иесіз жүрген жылқыларды қағып кеткен. ЖКО салдарынан жүргізуші - отағасы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Көлікте болған ер адамның 1990 жылғы жұбайы мен 2014 жылғы, 2015 жылғы және 2017 жылғы балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі", - дейді департаментте.

Облыстық ТЖД баспасөз баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 13 қараша күні сағат 18.40-та Ақтоғай ауданында Жоламан ауылына жақын маңда құтқару шараларын жүргізген. Жолдан шығып кеткен көлік шанағының үстіңгі жағын гидравликалық құралмен кесіп алып, 1987 жылғы ер адамның денесін алып шыққан.

Айта кетерлігі, ірі қара мал мен жылқылар жол апатына жиі себепкер болып отыр. Биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында тас жолдың бойында иесіз жүрген 42 жануардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети