07 тамыз 2021 | 13:48

Павлодар облысында жантүршігерлік апат болып, жас дәрігер қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында ауылдық диспансердің 25 жастағы дәрігері жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында ауылдық диспансердің 25 жастағы дәрігері жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 6 тамызда 23.45-те Омбы-Майқапшағай тасжолының 380-шақырымында болған.

"Черноярки аулының маңында Nissan Patrol автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі УАЗ автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан УАЗ көлігінің 25 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Көліктер арнайы тұраққа қойылған. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, УАЗ автокөлігінде қаза тапқан адам науқасты қарап келе жатқан жас дәрігер болып шықты.

"Дәрігер тілмесі қабынған әйелді ауруханаға жеткізген. Қайтып келе жатқанда амбулатория көлігі джиппен соқтығысқан. Дәрігер жолдан шығып, қарсы келе жатқан көліктің астына түскен. Өте қайғылы оқиға. Ол өте жақсы дәрігер еді", - дейді дәрігерлер.

Қаза тапқан Мағжан Омаровтың артында әйелі мен кішкентай баласы қалды. 

Мағжан Омаров - Чернорецк ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның педиатры. Ол амбулаторияда бір жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Оның әйелі де сол жақта жалпы тәжірибелік дәрігер болып қызмет етеді. Қазір декреттік демалыста.

Сол жол апатынан тағы 4 адам зардап шеккен, оның ішінде 2018 жылы туған бала бар, ол Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети