Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам қаза тапты

Павлодар облысында жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік апат 3 қазанда кешке болған. 21:00 шамасында Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-шақырымында екі көлік соқтығысқан.

"ВАЗ 21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторы тасымалдаған тіркемемен соқтығысқан, тракторды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.

Бұл факт бойынша тексеріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети