Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - жүкті әйел

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - жүкті әйел Фото: Әлихан Сариев

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - 20 жастағы жүкті әйел, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - 20 жастағы жүкті әйел, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жүктілікті тоқтату қаупі жоқ, амбулаториялық ем ұсынылды.

Автокөліктің жолда жылқымен соқтығысқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі жергілікті парақшалардың бірінде пайда болған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында орын алған.

Салдарынан бес адам зардап шеккен, оның төртеуі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

"Тағы бір 20 жастағы әйелде мидың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ төбе аймақтың жұмсақ тіндерінің, оң тізе буынының жарақаты анықталды. Жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудан бас тартты", - деді басқарма өкілдері.

Бұдан басқа, 19 жастағы жігітке бет сүйектерінің жарақаттары диагнозы қойылды, реанимацияда, жағдайы тұрақты ауыр. 

34 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, бас миы шайқалған, маңдайының оң жақ тұсы соғылған, сол және оң жақ білектің жұмсақ тіндері жарақаттанған, екі қолы соғылған. Травмотологиялық бөлімде орналастырылды, жағдайы орташа ауыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети