13 қазанда Павлодар - Қызылорда тасжолының 79 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".
13 қазанда Павлодар - Қызылорда тасжолының 79 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".
"Лада-21911" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қозғалыс кезінде рөлді игере алмай, нәтижесінде көлік аударылған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.