Павлодар облысында жол апатынан 7 жастағы бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан 7 жастағы бала қаза тапты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында жол апаты болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында жол апаты болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Шідерті кентінен 10 шақырым жердегі оқиға туралы хабар сағат 21:22-де түскен. 

"Мұнда екі көлік соғысып, нәтижесінде біреуі өртенген. Дәрігерлер 9 минутта жетті. 7 жастағы бала көмек келгенге дейін көз жұмған", - деді 103 қызметінің өкілдері.

2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Екінші жол апаты сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласынан 25 шақырым жерде болған. 

"Екі көлік соқтығысынан 5 адам зардап шекті. Жедел жәрдем топтары бірінші санаттағы жеделдікпен 13 минутта жетті. 2 және 6 жасар балалар мен 40 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмды", - деді дәрігерлер. 

40 және 58 жастағы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети