18 қаңтар 2022 16:51

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам зардап шекті. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін санитарлық авиация ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам зардап шекті. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін санитарлық авиация ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 18 қаңтарда сағат 12.14 шамасында Омбы-Майқапшағай тасжолының 505-шақырымында Әйтей мен Шабар ауылдары арасында болған.

"Volkswagen және Lada көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір көліктің 51 жастағы жүргізушісі мен 1964 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Екі автокөлік те арнайы тұраққа қойылды. Оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер үшін санитарлық авиация борты ұшып келген.

"24 жастағы қызға жабық бас сүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, бас терісі жыртылған деген диагноздар қойылды. Жағдайы ауыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети