Павлодар облысында жол апатынан екі бала қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан екі бала қаза тапты

Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, екі бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, екі бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Астанадан Өскеменге келе жатқан автобуста болған. Автобус Павлодар облысындағы Қалқаман ауылы маңында арыққа шығып кеткен. Облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға туралы қоңырау 19 қыркүйекте түнде түскен.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенше 6 және 14 жастағы екі бала қаза болды. Зардап шеккен тағы 9 адам - бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында жедел көмек көрсетілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.

Жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети