Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты © elements.envato.com

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 6 сәуірде түстен кейін болған. Екібастұздан 30 шақырым жерде көлік жыраға түсіп кеткен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 103-ке шақырту жергілікті уақыт бойынша сағат 16.15-те түскен. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі және апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген.

Келген дәрігерлер 1976 жылы туған ер адам, 12 жастағы қыз және 50-55 жас аралығындағы белгісіз әйел қайтыс болғанын анықтаған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматының 32 жастағы тұрғыны жабық бас сүйек-ми жарақатын алды. Оның бас миы шайқалып, кеуде қуысы соғылып, құлағы жарақаттанған. Екінші 43 жастағы зардап шеккен адамға бас миының шайқалуы, бас сүйек-ми жарақатынан басқа, жамбастың жабық сынуы диагнозы қойылды. Олар Екібастұз қалалық ауруханасында жансақтауда жатыр. Науқастардың жағдайы ауыр", - деді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети