Павлодарлық полицейлер тасжолда апаттық жағдай тудырған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық полицейлер тасжолда апаттық жағдай тудырған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 18 қыркүйек сағат 18.40 шамасында Павлодар-Қызылорда тасжолында болған.
"Автожолда келе жатқан Infiniti QX80 445AGJ01 автокөлігі басқа көліктердің өтуіне тосқауыл қойып, қасақана апаттық жағдай туғызып келе жатқаны туралы ақпарат түсті", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақпаров.
Шақыру бойынша дереу шыққан автопатруль оқиға орнына келе сала көлікті тоқтатуға кірісті. Алайда жүргізуші полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбастан, апаттық жағдай тудырып, оқиға орнынан жоғары жылдамдықпен кетіп қалған.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлікті ұстау бойынша шаралар қабылдап, нәтижесінде ол Екібастұз өңіріндегі Шідерті кентінің маңайында ұсталған. Полиция жүргізуші елорданың 39 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші сергек әрі сау болған. Жүргізуші бұл мінез-құлқының себебін түсіндіре алмаған.
Оған қатысты бірнеше әкімшілік материалдар қозғалған:
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша, яғни автокөлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарғаны үшін (алдында МТНБ болмаған). Жүгізуші 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалаған;
- ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни көлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
- ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралын басқару үшін жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты күрт өзгертуге мәжбүр етіп, авариялық жағдай туғызу") бойынша 10 АЕК айыппұл салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!