Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, Нyundai Accent пен Lexus RX 300 көліктері Павлодар-Қызылорда автожолының 45-шақырымында соғысып қалған. Нәтижесінде Нyundai Accent көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мен LexusRX 300 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі қаза болған.
"LexusRX 300 көлігінің жолаушылары - 2016 және 2018 жылғы балалар, Нyundai Accent көлігінің 1973 жылғы жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Жол апатының басқа мән-жайы анықталып жатыр.
Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылғы бала орта деңгейдегі бас жарақатын алған, 2018 жылғы бала жұлын ми жарақатын алған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 45 жастағы жүргізуші де жұлын ми жарақаты мен тағы бірнеше жарақат алған. Тағы екі жолаушы (20 және 23 жастағы) жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram