21 тамыз 2017 | 12:56

Павлодар облысында мас полицей бес көлікті соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында мас полицей бес көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында мас полицей бес көлікті соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодар облысы Ақсу ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Куәгерлер оқиғаның видеосын "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жариялады. Видеоның сипаттамасында 5 көліктің бүлінгені айтылады.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасын жасаған адам өз көлігінен шыға алмай қалған. Жүргізушіні шығару үшін полицейлерге көліктің есігін сындыру керек болған.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер жүргізушінің жергілікті полиция қызметкері екенін растады.

"Полиция капитаны Айтқазин Мақсат еңбек демалысында бола тұра мас күйінде Toyota Camry көлігімен үйдің ауласына кіріп кетіп, тұрақта тұрған көліктерді соғып өткен. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару мәселесі қарастырылып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полициядағылар қызметкердің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Өңірлік департаменттің баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылғанын хабарлады. Іс материалдары сотқа жолданды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети