31 желтоқсан 2016 13:18

Павлодар облысында медицина саласындағы шенеуніктер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Медициналық қызметтер төлемі комитетінің аймақтық департаментінің басшылығы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Медициналық қызметтер төлемі комитетінің аймақтық департаментінің басшылығы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдері пара алды деген күдікпен департамент басшысы Д.Қазанғапов пен оның орынбасары Н.Аханаеваның ұсталғанын хабарлады.

"Лауазымды тұлғалардың жүйелі негізде облыстағы медициналық мекемелердің басшыларынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету туралы келісімшартқа кедергісіз қол қою мен жалпы жебеушілік көрсетіп отырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Антикоррупциялық қызмет Қазанғапов пен Аханаеваны Екібастұз №2, №3 ауруханаларының бас дәрігерлерінен және басқалардан 200 мың теңгеден асатын кезекті параны алып жатқан жерінен ұстады. Қазіргі уақытта шенеуніктер және дбас әрігерлер Қабылтаев пен Сәкенова Павлодар ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети