Павлодар облысында полицейлер өрт орнынан жерге көмілген мәйітті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында полицейлер өрт орнынан жерге көмілген мәйітті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Павлодар - Шербақты тас жолының 35-шақырымында ағаштар мен құрғақ шөп өртенген. Өртенген жердің ауданы - 6 гектар. Жедел іздестіру жұмыстары барысында полицейлер оқиға орнынан мәйітті тауып алды. Дала өрті туралы хабар 7 қыркүйек күні сағат 10.52-де келіп түскен. Жалын 18.50-де сөндірілді. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Бұған дейін Омбы - Павлодар тас жолының Чернорецк ауылына жақын тұсында екі ер адамның мәйіті табылған еді. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, оларды машина қағып кеткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті тұрғындар қайтыс болғандарды бандиттердің арматурамен ұрып-соққанын айтты. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, марқұмдардың бірі республикалық автожолда краншы болып жұмыс істеген.
Ал 2014 жылдың қаңтарында Павлодарда кәріз құдығынан басы жоқ ер адамның мәйіті табылған еді. Мәйітте пышақ жарақаты болды, сонымен бірге, оның қолдарының білегінен кесілгені анықталды. Марқұм шамамен 30-40 жаста болған.