09 қаңтар 2015 | 12:37

Павлодар облысында полицейлерді балағаттаған медбике айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Павлодар облысының Шарбақты ауданында полиция қызметкерлерін себепсіз балағаттаған медбике 1852 теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының Шарбақты ауданында полиция қызметкерлерін себепсіз балағаттаған медбике 1852 теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шалдай ауылындағы дәрігерлік амбулатория медбикесі аудандық ішкі істер басқармасының ғимаратында полиция қызметкерлерін себепсіз балағаттаған, сот осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғап, оны айыпты деп тапты. Соттың шешімімен медбике 2014 жылғы бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1852 теңге айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, 2015 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жас әйелге былапыт сөз айтқан ер адамға 20 мың теңгеге жуық айыппұл салынғаны хабарланған болатын. Полицейлердің мәліметінше, ер адам әйелді қаладағы орта мектептердің бірінде оқушылардың өзінше балағаттаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети