02 қаңтар 2021 14:39

Павлодар облысында серуенге шыққан бір жасар қыздың саусақтары үсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

Павлодар облысында серуенге шыққан бір жасар қыздың саусақтары үсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында серуенге шыққан бір жасар қыздың саусақтары үсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Солнечный ауылының бір жасар тұрғыны оң қолының саусақтары үсіп,  ауруханаға жеткізілді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, жедел жәрдем 1 қаңтарда сағат 01.54-те шақырылған.

"Анасының айтуынша, 1 қаңтарда шамамен сағат 22.00-де аулада серуен кезінде 2019 жылы туған қызының оң қолы үсіп қалған. Кейін үйінде ісіну, оң қолдың гиперемиясын байқаған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем бригадасы баланы бірден жарақат пунктіне жеткізді.

"Қызды дәрігер қарағаннан кейін ол шұғыл түрде "оң қолдың І-ІІ-ІІІА дәрежелі үсік шалуы" диагнозымен ауруханаға жатқызылды", - деді өңірдің ЖҚБ баспасөз қызметі өкілдері.

Дәрігерлер зардап шеккен қыздың жағдайын орташа деп бағалады. Қазір ол Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесінде жатыр.

Айта кетейік, Павлодар облысында аязға байланысты ескерту жарияланды. Қазір күндізгі ауа температурасы минус 33-35 градус. 2 және 3 қаңтарда минус 35-40 градусқа дейін, кей жерлерде 43 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети