Павлодар облысында тас жолда сегіз автокөлік соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында тас жолда сегіз автокөлік соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ірі жол апаты Павлодар-Омск та жолында, шамамен Павлодар облысындағы Қызылтаң ауылына жақын жерде болған. Жаппай көлік апатының болуына ауа райының қолайсыздығы және жанармай тасушы көліктің жолда тұрып қалғаныәсер еткен. Үш жүк көлігі мен екі ГАЗель және үш жеңіл көлік бір-біріне соғысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 28 және 33 жастағы екі адам зардап шекті, оларды ауруханаға жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, екіншісі травматология бөліміне жатқызылған.
Өңірдегі ТЖД мәліметінше, оқиға болған жерде 16 көліктен құралған кептеліс орын алған. Үлкен фуралардан бөлек тағы екі жолаушылар автобусы кептелісте тұрып қалған. Қазіргі уақытта жол апат болған көліктерден тазартылған.
Еске салайық, ауа райының қолайсыздығынан облыста қала сыртындағы бірнеше жолдарда көлік кептелісі болған. Барлығы 35 автомобиль жолда тұрып қалған.
Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланған. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, желтоқсанның 11-13 аралығында Павлодарда жаңбыр жауып, кей жерлерде жел соғып мұзтайғақтар болады деп күтіледі.