Павлодар облысында төрт бала өртеніп жатқан үйде қалып қойған: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында төрт бала өртеніп жатқан үйде қалып қойған: қаза тапқандар бар Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Ертіс ауылында болған. Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабар 15 қаңтарда сағат 8:33-те түскен, ал үш минуттан кейін өртсөндірушілер оқиға орнына барған.

Осы сәтте жекеменшік тұрғын үй толықтай өртке оранған. Үйдегі жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанған. Қалың түтін мен күрделі жағдайға қарамастан, өртсөндірушілер адамдарды іздеуге кіріскен.

Өрт шыққан сәтте үйде төрт бала болған, олардың бірі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Қалған үшеуін өртсөндірушілер жанып жатқан үйден алып шыққан.

"Алайда кейінірек зардап шеккен екі кәмелетке толмаған бала ауруханада көз жұмды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрттің аумағы 50 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.11  course up  594.59  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети